«Әлеуметтік желінің әлегі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік желінің әлегі»

24.04.2015
«Әлеуметтік желінің әлегі»

Әлеуметтік желі – ақпарат алмасудың тиімді әрі ар­зан­ жолы. Алайда, мұның пайдасынан  бөлек зияны да баршылық. Статистикалық мәліметтер бойынша, әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі­ жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді.

Мысалы, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар беретін болып шыққан.

Адам баласы тәуліктің 5 сағатқа жуық уақытын әлеуметтік желіде өткізеді екен. Артық ақпарат алуды былай қойғанда, жеке басты қорлау, заңсыз ақпарат тарату, теріс ықпал ету кең таралған.

Біреудің маркетинг құралына, енді біреудің тұтас өмірінің маңызды бөлігіне айналған әлеуметтік желінің әлегі туралы бүгін 15:05-те «Әйел бақытында» айтылмақ.

Хабарламаларға жазылу