Усэйн Болт карьерасын 2017 жылы аяқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Усэйн Болт карьерасын 2017 жылы аяқтайды

04.08.2014
Усэйн Болт карьерасын 2017 жылы аяқтайды

Жүгіруден 6 дүркін Әлем чемпионы ямайкалық спринтер Усэйн Болт 2017 жылы өтетін жеңіл атлетикадан Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

«Мен әрдайым Рио Олимпиадасынан кейін үлкен спорттан қол үзетін шығармын деп ойлайтынмын. Бірақ, ойлана келе 2017 жылғы Әлем чемпионатынан кейін карьерамды аяқтауға шешім қабылдадым.

Майкл Джонсоннан карьераңды неге ерте аяқтадың деп сұрағанымда, спортшы спорттық ғұмырында барлық жетістікке жеткеннен соң карьерасын аяқтаған жөн, деп жауап берген болатын. Сол себепті, бағындыратын биік қалмаған соң карьераңды жалғастырудың мәні жоқ», - дейді Усэйн Болт.

Хабарламаларға жазылу