Усэйн Болт биылғы маусымды ерте аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Усэйн Болт биылғы маусымды ерте аяқтады

26.08.2014
Усэйн Болт биылғы маусымды ерте аяқтады

Алты дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болт биылғы жылды қорытындылайтын «Гауһартас» турниріне қатыса адмайды.

«Усэйн Болт соңғы жылдары үлкен жетістікке жетіп жүр. Оған демалыс керек, ол да адам. Егер, спортшы үздіксіз турнирлерге қатыса берсе шаршап, спорттық формасын жоғалтып алады. Сол үшін оны бұл турнирге қатыстырмай отырмыз. Біз бұл шешімге Усэйн Болтты қолдаған соң барып отырмыз», - дейді «Гауһартас» турнирінің директоры Патрик Магьяр.

Айта кетейік, өткен сенбі күні Варшавада өткен турнирде Усэйн Болт 100 метр қашықтықты 10 секундта жүгіріп өткен.

Хабарламаларға жазылу