Болгарияда су тасқынынан төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгарияда су тасқынынан төтенше жағдай жарияланды

03.08.2014
Болгарияда су тасқынынан төтенше жағдай жарияланды

Болгарияның Мизия қаласында су тасқыны болып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Қатты жауған жаңбырдан Скат өзенінің деңгейі 3 метрге көтеріліп, су жағадан шығып кеткен. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды bbc.co.uk.  

Билік жергілікті жүздеген тұрғындарды әскери тікұшақпен қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Қазіргі таңда Мизия қаласында жарық пен су жоқ. Барлық жолдарды су шайып кеткен.

 

Хабарламаларға жазылу