Атырау облысында 2016 жылға дейін 12 мәдениет үйін салу жоспарлануда. Аққыстау, Индербор, Дашино, Мұқырда 400 орындық, Қарабау мен Есбол ауылдарында 300 орындық, ал Бөдене, Жамбайда 200 орындық мәдениет үйі салынады, деп хабарлайды «Капитал».
Сонымен қатар, облыс орталығындағы Жұмыскер, Жаңаталап, Ақжар, Еркінқала ауылдық округтарында да жаңа мәдениет ошақтары пайда болады.
Кейбір нысанда жұмыс басталып та кеткен. Ал, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Махамбет ауданындағы Ақжайық ауылдық округындағы мәдениет үйінің ашылуына қатысты. Бұл нысанға облыстық бюджеттен 278 миллион теңге бөлінген.