4 шілдеде Алматы қаласы Солтүстік айналма көшесіндегі сауда орындарын жаңғырту және қайта құрылымдау бойынша пресс-тур өтеді.
Шараға қатысушы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Жер қатынастары басқармасының басшылары журналистерді көшені қайта құрудың тұжырымдамалық шешімімен және болашақта салынатын сауда орындарының үлгісімен таныстыратын болады.
БАҚ өкілдері үшін шара орнына дейін автобус қатынайды.