Бүгін «KAZsport» телеарнасы «ХИК» – «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «KAZsport» телеарнасы «ХИК» – «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді

29.07.2015
Бүгін «KAZsport» телеарнасы «ХИК» – «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Финляндияда Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «ХИК» клубы елордалық «Астана» командасын қабылдайды.

Ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 21:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Астана» 2-ші іріктеу кезеңінде словениялық «Марибор» командасын екі матч қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұтқан еді. Қазір УЕФА-ның клубтың рейтингісінде финляндиялық «ХИК» 136-шы, ал «Астана» 229-шы орында.

Сонымен қатар, 30 шілде күні Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында шотландиялық «Абердин» клубын қабылдайды. Бұл ойынды да «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 20:30-да көрсетеді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу