Қызылордада «Мұнайшы» мөлтек ауданы салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Мұнайшы» мөлтек ауданы салынбақ

29.07.2014
Қызылордада «Мұнайшы» мөлтек ауданы салынбақ

Қызылордада «Мұнайшы» мөлтек ауданы салынбақ. Бұл туралы V шақырылымындағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

Биыл қаланың сәулеттік келбетін арттыру, тұрғындарға демалуға арнайы көркейтілген орындары әзірленбек.

Ал Сырдария өзенінің оң жағалауында «Мұнайшы» мөлтек ауданын салу қолға алынуда. Облыстық бюджеттен бөлінген 30 миллион теңгеге мөлтек ауданның инженерлік-инфрақұрылымын дамытудың жобалау-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамасы әзірленуде.

Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Арай» мөлтек ауданында спорттық-сауықтыру кешені» жобасы жүзеге асырылуда. 

Хабарламаларға жазылу