Балқашта қатты жел төрт үйдің шатырын ұшырды
Балқаш қаласында қатты жел тұрып, бірнеше үйдің шатырын ұшырып әкетті. Қазір дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Балқашта қатты жел салдарынан 4 тұрғын үйдің, кафе, гараж, мектептің спорт залы және демалыс үйінің шатыры жұлынды. Төрт ағаш құлап, екі ақпараттық қалқан, орта мектептің спорттық кортының қоршауы, екі көшеге тартылған электр желісі үзілген», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қатты жел қоғамдық көлік аялдамасы мен дүкеннің қасбетіне зиян келтірген. Зардап шеккендер жоқ. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Шұғыл әрекет ету қызметкерлері күшімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18