Биыл Павлодар облысы, Екібастұз ауданы «Аяқ-Қожан» кен орны аумағында катодты мыс шығаратын кәсіпорын іске қосылмақ.
Жоба құны - 2,1 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарма мәліметінше, аталмыш кәсіпорын облыста 2014 жылы іске қосылуға тиісті «Индустрияландыру картасына» кіретін 12 жобаның бірі. Өндірістік қуаттылығы жылына 3 мың тоннаны құрамақ.
«Eurasia Copper Operating» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі басшысының орынбасары Асхат Майлиннің мәлімдеуінше, жоба құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталады.
ҚазТАГ