Қазақстандық таеквондошы Нартай Оразбаев (+ 65 келі) Әзірбайжанда аяқталған кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында (24-27 шілде) күміс медаль олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спорттық күрес пен күштік спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алғашқы жекпе-жегінде татами иесі Орхан Таги-Заданы жеңгеннен кейін (20:8), қазақстандыққа америкалық Ричард Чунг (20:4) пен өзбекстандық Исломджон Адхамов (21:9) шыдас бере алмады. Бірақ, финалдық кездесу сәтсіз болды. Оразбаевты сүріндірген ирандық Амирхуссейн Вогуи Азар (32:7) бұл жекпе-жекте жеңімпаз атанды», - делінген хабарламада.
Әлем чемпионаты (+ 65 келі). Қорытынды есеп:
1. Амирхуссейн Вогуи Азар (Иран)
2. Нартай Оразбаев (Қазақстан)
3. Исломджон Адхамов (Өзбекстан), Мұхаммед Ачикгоз (Түркия)