Ардагерлер нанды тегін ала алады
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Жаңа Бұқтырма ауылынан шыққан кәсіпкер II Дүниежүзілік соғыс ардагерлерін нан-тоқаш өнімдерімен тегін қамтамасыз етуге уәде берді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Наубайхана иесінің айтуынша, «бұл – бізге бейбіт өмір сыйлаған жандарға жасалған аз ғана көмек».
Есімін жасырын қалдыруды ұйғарған кәсіпкер бұл игі іспен атақ үшін емес, ардагерлердің қамқорлықты сезінуі үшін жасағанын айтады.
Ардагерлер өздеріне қажетті нан-тоқаш өнімдерін күнделікті ала алады. Ал, Александровка елді мекенінде тұратын ардагердің үйіне арнайы жеткізіліп тұрады.
Айта кету керек, Жаңа Бұқтырма ауылының ардагерлері коммуналдық қызмет үшін де ақы төлемейді. Бұл жауапкершілікті Бұқтырма цемент зауыты өз мойнына алған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14