Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектері пойызда тегін жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектері пойызда тегін жүреді

01.05.2014
Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектері пойызда тегін жүреді

Мерекелік акция аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктерінде тегін жүре алады. Ардагерлер «Тальго» зауыты шығарған вагондардан құралған пойыздардан бөлек, жолаушылар пойыздарының барлық санаттары мен бағыттарында, сонымен қатар қалааралық пойыздарда да купелік вагондармен жүру мүмкіндігіне ие.
 
Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.
 
Акцияны өткізу туралы қажетті ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.

Хабарламаларға жазылу