«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 5 пайыз жылдық мөлшерлемемен қарыз беруді ұсынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 5 пайыз жылдық мөлшерлемемен қарыз беруді ұсынуда

24.07.2014
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 5 пайыз жылдық мөлшерлемемен қарыз беруді ұсынуда

Тұрғын үй жинақ банкі 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен қарыз беруді ұсынуда. Бұл туралы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдерінің және риэлторлық компаниялардың қатысуымен өткен конференцияда мәлім болды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

«Бізде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қолжетімді қарызы бар. Сіздің қолыңызда салымның 50 пайыз болса, 3 жыл немесе 5 жыл күтудің қажеті жоқ.

Мәселен, егер адам 10 000 000 теңге тұратын мүлік  сатып алғысы келсе оның 50 пайызын енгізу қажет. Демек, алдын ала салым 50 пайызды құрап отыр. Салымшы депозитке 5 000 000 теңге салса, банк қалған соманы толықтырады.

Біз бірінші салымды қолға беріп, 10 000 000 теңге сомасында жылдық  8,5 пайыз қойылым есептелетін болады. Бұл пайыз алғашқы 3 жыл бойы сақталатын болады.

Демек, біз оған жылдық 8,5 пайыз көрсеткішімен қарыз береміз. Депозитке салған 5 миллион теңгеге 2 пайыз жылдық жеңілдік пайызы және 20 пайыз мемлекеттік сыйлық қосылады», - деп айтылды. 

Айта кетейік, қарыз беру және қарастыру мерзімі - 3 жұмыс күні.

 

Хабарламаларға жазылу