Головкин: Мегафайт үшін ауыр немесе жеңіл салмаққа өте аламын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин: Мегафайт үшін ауыр немесе жеңіл салмаққа өте аламын

24.07.2014
Головкин: Мегафайт үшін ауыр немесе жеңіл салмаққа өте аламын

Кәсіпқой бокстан WBA және ІВО тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин болашақта ауыр немесе жеңіл салмаққа өту мүмкін екенін айтты. «Әзірге менің бар назарым өз салмағымда жақсы жұдырықтасу. Бірақ мен кез-келген қарсыласқа  дайынмын. Ол үшін жекпе-жек маңызды әрі ақылы көрсетілім болуы тиіс», -деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingscene.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келешекте Сауль Альварес және Хулио Сезар кіші Чавеспен кездесуі де мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилмен жұдырықтасады. Жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу