Шымкентте асфальтталған жол опырылып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте асфальтталған жол опырылып кетті

18.02.2023

Шымкентте асфальтталған жол ауыр салмаққа шыдамай, опырылып кетті. Қазығұрт мөлтек ауданындағы күре жолда жүк көлігінің дөңгелегі жартысына дейін шұңқырға түсіп кетіп, қозғалысты шектеді. Салдарынан қоғамдық көлік, тіпті жаяу жүргіншілердің өзі ары-бері өте алмай қалған. Жергілікті билік бұл жағдайға, басқа-басқа емес, жаңбырды кінәлап отыр. Олардың айтуынша, екі күн бойы толассыз жауған жауынға жолдағы асфальт шыдамай кеткен. Көшенің бұзылған аймағына қазір уақытша қиыршық тас төселді. Көлік қозғалысы қалпына келген.

Ғани Ғалмаханов


Хабарламаларға жазылу