Геннадий Головкин 27-ші шілде күні Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып жатыр. Дайындық барысында қазақстандық боксшы екінші орта салмақтағы Әлем чемпионы атағына үміткер болған 26 жастағы британиялық Джордж Гроувспен спарринг жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды allboxing.ru.
«Гроувспен спарринг өте жақсы өті. Ол өте мықты боксшы және бес спаринг-қарсыластың бірі болды. Джордж дайындық кезінде Геннадиймен 3-4 күн бойы 4 раундтан жұдырықтасып отырды. Ол бізге көп көмектесті және біздің оған алғысымыз шексіз», - дейді Головкиннің бас бапкері Абель Санчес.