Геннадий Головкин: Бапкерім екеуміз Д.Лемьеге қарсы жұдырықтасу жоспарын құрып қойдық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин: Бапкерім екеуміз Д.Лемьеге қарсы жұдырықтасу жоспарын құрып қойдық

29.09.2015
Геннадий Головкин: Бапкерім екеуміз Д.Лемьеге қарсы жұдырықтасу жоспарын құрып қойдық

«Бапкерім Абель Санчес екеуміз Давид Лемьеге қарсы өтетін жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып, оған қарсы жоспар құрып қойдық. Давид Лемье өте тегеурінді боксшы. Сондай-ақ, жекпе-жектерін нокаутпен аяқтаған. Оның Росадо және Н’Дамға қарсы өткізген кездесулерін қарап шықтым. Және де қалай жұдырықтасатынын көріп, шаршы алаңдағы қимылын байқадым.

Менің тәжірибем өзіме көмектеседі, деп үміттенемін. Бірақтар боксшылармен жұдырықтасып үлгердім және қалай бокстасу керек екендігін де жақсы білемін», - дейді Геннадий Головкин.

Хабарламаларға жазылу