Бүгін - Қадір түні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қадір түні

23.07.2014
Бүгін - Қадір түні

Қадір түні – жақсылыққа толы берекет түн. Қадір түні – Құран Кәрім түскен қасиетті түн. Бұл туралы: «Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік», деген аят бар.

Қадір түнінде мейлінше көп құлшылық жасап, дұға-тілек еткен абзал. Өйткені, Қадір түнінің берекеті мен құлшылық сауабы мың айдан да артық. Құран Кәрімде: «Қадір түні мың айдан қайырлы», деп баяндалған.

Бұл түннің Қадір деп аталуының себебі, қадір – белгілеу, өлшеп бекіту деген мағынаны білдіреді.

Биыл Қадір түні 2014 жылдың шілде айының 23-нен 24-не қараған түніне сәйкес келеді.

muslim.kz

Хабарламаларға жазылу