Бүгін қасиетті Қадір түні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін қасиетті Қадір түні

17.04.2023

Бүгін мың айдан да қайырлы Қадір түні. Иісі мұсылман қауымы бұл түнді Құдайға құлшылық жасап, дұға етумен өткізеді. Өйткені Қадір түнінің берекеті мен құлшылық сауабы 83 жыл жасаған мінәжаттың сауабына тең келеді. Бұл түнгі ғибадат, құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан артық. Бұл түні періштелер көктен түсіп, жер бетінде береке орнайды.

Қадір түніне орай «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы түнгі сағат 23:20-дан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінен тікелей эфирде хабар таратады. Жамағатқа қадір түні туралы жан-жақты ақпарат беріліп, арнайы шақырылған қонақтармен сұхбат жүргізіледі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу