Астанадағы «Қамқор» базары бұзылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Қамқор» базары бұзылады

21.07.2014
Астанадағы «Қамқор» базары бұзылады

Биыл Астанадағы «Қамқор» базары бұзылады.  Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл елорда көшелеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстарымен байланысты.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжоловтың  мәлімдеуінше, Сейфуллин көшесінен Тілендиев даңғылына дейін 4 жолақты жол салу көзделген.

Сонымен қатар, осы учаскеде орналасқан гараждар да алынады.

Қазіргі уақытта 500 жуық гараж бұзылса, 1 қыркүйекке дейін көрсеткіш 100 бірлікке артады. Сондай-ақ, осы аймақта автокөлік жолайрығы салынып, 8 жолақты қозғалыс ұйымдастырылады.

Бүгінгі күні қала бойынша Жангелдин, Мәскеу, Есенберлин, Бейбітшілік көшелерінде және Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстары аяқталды.

1 қыркүйекке дейін Достық көшесінен Абай көшесіне дейінгі жол бөлігіндегі жұмыстарды толық аяқтау жоспарланған.  

Хабарламаларға жазылу