Алматылық «Қайрат» өз алаңында «Эсбьерг» клубын жеңе алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық «Қайрат» өз алаңында «Эсбьерг» клубын жеңе алмады

18.07.2014
Алматылық «Қайрат» өз алаңында «Эсбьерг» клубын  жеңе алмады

Алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде Данияның «Эсбьерг» клубымен өз алаңында кездесті. Алғашқы тайымда қос клуб үздіксіз шабуылдағанымен, гол соға алмады. Ал, екінші тайымның 50-ші минутында Йосиф Кнежович пенальтиден гол соқты. Есеп ойын соңына дейін сақталып келген. Алайда, қонақтар сапындағы Мохаммед Фелла қақпадан саңылау тауып, есепті теңестіріп кетті. Қорытынды есеп 1:1.

Қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда литвалық «Атлантас» командасыментең ойнады. Кездесуде есеп ашылмады. Қарымта кездесулер 24- шілде күні өтеді.

Хабарламаларға жазылу