Алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде Данияның «Эсбьерг» клубымен өз алаңында кездесті. Алғашқы тайымда қос клуб үздіксіз шабуылдағанымен, гол соға алмады. Ал, екінші тайымның 50-ші минутында Йосиф Кнежович пенальтиден гол соқты. Есеп ойын соңына дейін сақталып келген. Алайда, қонақтар сапындағы Мохаммед Фелла қақпадан саңылау тауып, есепті теңестіріп кетті. Қорытынды есеп 1:1.
Қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда литвалық «Атлантас» командасыментең ойнады. Кездесуде есеп ашылмады. Қарымта кездесулер 24- шілде күні өтеді.