«Астана» клубы «Хапоэль» командасын ірі есеппен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» клубы «Хапоэль» командасын ірі есеппен жеңді

18.07.2014
«Астана»  клубы «Хапоэль» командасын ірі есеппен жеңді

Елорданың «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде Тель-Авив клубы – «Хапоэльді» ұтты. Екі клуб арасындағы кездесу ә дегеннен-ақ тартысты басталды. Ойынның 16-шы минутында Рохер Каньяс пенальтиден есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Осы есеп бірінші тайм соңына дейін сақталды. Ал, екінші таймның 58-ші минутында Таңат Нөсербаев есепті еселей түсті. Араға 11 минут салып Абзал Бейсебеков кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп 3:0.
Қарымта кездесу 24 шілде күні Кипр қаласында өтеді деп жоспарланған.

 

Хабарламаларға жазылу