2014 жылдың соңына дейін елордада 10 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар: Сауран мен №24 көшелердің қиылысындағы 240 орындық балабақша, Алматы мен Ақмешіт көшелері қиылысындағы 240 орындық балабақша, Түркістан, Керей мен Жәнібек хандар және Орынбор көшелері орамындағы 240 орындық балабақша, Сығанақ көшесіндегі 240 орындық №1 балабақша, дәл осы көшедегі 240 орындық №2 балабақша.
Олардың барлығының да жалпы аумағы 2398 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, Айнакөл мен Жұмабаев көшелері қиылысында жалпы аумағы 5 023,78, Айнакөл мен Мирзоян көшелері қиылысында жалпы аумағы 6 994,15, Ж.Нәжімеденов пен Л.Мирзоян көшелері қиылысында жалпы аумағы 3 912,72 шаршы метрді құрайтын балабақшалар ашылады.
Түркістан, Орынбор, №25 және №26 көшелер қылысында жалпы аумағы 2098,6 шаршы метрді құрайтын 200 орындық балабақша да жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал №4 «Рябинка» балабақшасына іргелес ғимараттың құрылысы да осы жылы аяқталады.
Айта кетейік, бүгінде елордада 148 балабақша мен 25 шағын орталық жұмыс істеуде. Олар 33164 баланы мектепке дейінгі біліммен қамтуда.