Қазақстандық жастар арасындағы ең үлкен мәселе - суицид - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық жастар арасындағы ең үлкен мәселе - суицид

17.07.2014
Қазақстандық жастар арасындағы ең үлкен мәселе - суицид

Бүгін Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінде «ТМД-жастары: статистикалық портрет» атты жинақтың тұсаукесері өтті.  

Жинақта ұйымға мүше мемлекеттердегі жастардың өмір сүру  деңгейіне  қатысты  маңызды мәселелер қамтылған.

Шараға  ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Жарқынбаев, БҰҰ Орталық Азия елдеріндегі халық жағдайына қатысты қор кеңсесінің суб-аймақтық директоры, ҚР ЮНФПА кеңсесінің директоры Николай Ботев және ТМД Халықаралық статистика комитетінің басқарма  басшысы Ирина Збарская қатысты.

Жасер Жарқынбаевтың айтуынша, бұл - ТМД-дағы жастар мәселесіне арналған алғашқы басылым.

«Мақсат - жастардың түрлі әлеуметтік саладағы мәселелерін айқындай отырып, оларды оңтайлы шешудің жолдарын қарастыру», деді агенттік төрағасының орынбасары.

Жиынға қатысушы мамандардың айтуынша, қазақстандық жастар арасындағы ең үлкен мәселе - суицид. Қазіргі кезде Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші бойынша ТМД елдері арасында  Ресейден кейінгі екінші орында.  

Бұдан бөлек, ТМД жастарының, көші-қон, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, сондай-ақ, олардың саясаттағы белсенділіктері  бойынша көрсеткіштер талқыланды.  

Хабарламаларға жазылу