Әлемдік Novartis - Alcon фармкорпорациясының офтальмологиялық бөлімшесі және Google компаниясы «ақылды» көз линзаларын шығаруға бағытталған жобаға байланысты келісімшартқа отырды. Әлемдік Novartis фармкорпорациясының хабарлауынша, «ақылды» линза қант диабетіне шалдыққандарға пайдалы.
Линзаларға микрочиптер, микроэлектронды құрылғылар және инвазивтіқ емес сенсор орнатылады. Өйткені, олар ауырған адамның үнемі қант мөлшерін есептеп, мобильді кұрылғыларға желілер арқылы ақпарат жіберді. «Ақылды» линза қарттыққа байланысты көзі көрмейтін қарияларға өте тиімді.
Ал, «Google» компаниясы дәл осындай жобаны Google X зертханасында 2014 жылдың қаңтарында ұсынған болатын. Ол линза да қант диабетімен ауыратындарға арналған.
«Intesco Research Group»-тың зерттеуі бойынша, линзалардың әлемдік нарықтағы айналымы 2012 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан.