«Қазақстан дауысына» іріктеу жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан дауысына» іріктеу жүргізіледі

15.07.2014
«Қазақстан дауысына» іріктеу жүргізіледі

Бір жыл бойы  Ұлттық телеарна көрермендерінің көзайымына айналған «Қазақстан дауысы» жобасы жалғасын таппақ.

Жоба мақсаты - ел арасында жүрген ерекше дауыс иесін анықтау.

Биылғы жылғы байқауға іріктеу  еліміздің тек екі қаласында:

 27 шілде күні Астана қаласы, Абай көшесі, 47, «Ramada Plaza» ғимаратында;

 6 тамызда Алматы қаласы, Төле би көшесі, 296 А, «Қазақстан дауысының» түсірілім алаңында жүргізіледі.

«Қазақстан дауысы» атағына үміткерлерді еліміздің белгілі әншілері, өткен жобадағы тәлімгерлер - Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Албан және Алмас Кішкенбаев таңдайды.

Көппен бірге бақ сынауға Сіз де лайықтысыз! 

 

Хабарламаларға жазылу