Жаздың аптап күндерінде көпқабатты үйлердің тұрғындары терезелерін ашып тастайды. Алайда, ашық терезе мен ересектердің салғырттығы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Астана қаласы Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері Астанада терезеден 50 баланың құлау оқиғасы тіркелген.
Айта кетейік, москит торымен қапталған терезелер құлаудан қорғамайды. Олар жай терезеге тығыз орналастырылады, ал күш салуға есептелмеген. Қазіргі уақытта терезе жасайтын компаниялар балаларды қорғауға арналған арнайы жүйелерді ұсынып отыр.
Бұл жүйе қатты бекітіледі. Терезе 5-6 см ашылып, кілтпен бекітіледі. Компания қызметкерлерінің айтуынша, оны кез келген пластик терезеге орнатуға болады және бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.