Балаларды қорғау — болашағымызды қорғау

13.09.2019

Елімізде 8 ай ішінде балалар зорлығына қатысты 589 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Оның айтуынша, балғындарға көбіне-көп отбасы мүшелері, өгей әке-шешелері, не туыс-таныстары қорлық көрсетеді. Сондықтан кінәлілерді анықтап, жазалау қиынға соғады, - дейді полицейлер. Жалпы, ішкі істер органдарының есебінде «педофилия» санаты бойынша 1350 адам тіркеуде тұр. Балаларға зорлық көрсеткен 1575 адам тиісті мекемелерде өз жазасын өтеп жатыр. Дегенмен, тәртіп сақшылары жасөспірімдерді зорлау оқиғалары шамамен 11 пайызға азайғанын айтып отыр. Балалар өлімін болдырмай, өмірін сақтап қалу үшін жолдағы қауіпсіздік шаралары да маңызды. Сондықтан Ішкі істер министрлігі бірқатар шараны қолға алған екен. 

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

2019 жылдың 12-тамызы мен 10-қазан аралығында оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акция өткізіледі. Оған ІІМ әкімшілік полиция қызметкерлерімен балаларды қауіпсіз тасымалдауымен қамтамасыз етілуін талдау мониторингтері кіреді.  

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу