Алма жүрек ауруынан сақтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алма жүрек ауруынан сақтайды

10.07.2014
Алма жүрек ауруынан сақтайды

Британдық ғалымдар түрлі медициналық препараттарға қарағанда, алманы ұдайы пайдалану  жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болу қаупін едәуір төмендетеді, деген ұйғарым жасап отыр.

Тәжірибеге еріктілердің екі  тобы қатысқан, деп хабарлайды  Vladtime.

Алғашқы топқа бұрын жүрек талмасын басынан кешірген үш адам кірді.  Оларға пайдалану үшін үнемі статин беріліп отырды. Бұл препарат адам қанындағы холестерин деңгейін төмендетеді. 

Екінші топта жүрек талмасына шалдығу қаупі бар адамдар топтастырылды. Оларға алма беріліп отырған.

Тәжірибе қорытындысында алманың ағзаға тигізетін оң әсері қымбат дәрілерден еш кем түспейтіндігі анықталған.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу