Бейне ойындар балалардың есте сақтау қабілетін нашарлатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейне ойындар балалардың есте сақтау қабілетін нашарлатады

09.07.2014
Бейне ойындар балалардың есте сақтау қабілетін   нашарлатады

АҚШ-тың психологиялық зерттеу институтында жұмыс істейтін маман ғалымдар таяу күндері  балалар ойнайтын бейне ойындар олардың  есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді деген қорытындыға келді, деп жазады ҚазАқпарат.

Тәжірибе көрсеткендей, барлық уақытын бейне ойынмен өткізетін балалардың кейбір ойлау қабілеттері нығаятындығы, алайда, көп жағдайда кері әсер ететіндігі анықталған.

Ғалымдар бейне ойын салдарынан баланың ойлау жүйесі мен есте сақтау қабілетін айтпағанда, қабылдау деңгейі нашарлайтынын растайтын мәлімдеме жасады.

Осылайша, шығарылған тұжырымға байланысты ғалымдар ата-аналарына балаларын компьютерге көп жақындамауын қадағалауды ұсынады.

Хабарламаларға жазылу