Балық - балалардың сақтау қабілетін жақсартады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балық - балалардың сақтау қабілетін жақсартады (ВИДЕО)

15.10.2015
Балық  - балалардың сақтау қабілетін жақсартады (ВИДЕО)

Бүгінде мектеп бағдарламасы өте күрделі. Балаңыз зерек болсын десеңіз, аптасына кем дегенде екі рет балық беріңіз. Сонда есте сақтау қабілеті жақсарып, ақыл-ойы дамиды.

Балық - жүрек қан тамыры жүйесі ауруларына ем. Сондай-ақ, қатерлі ісіктің өршуіне жол бермейді. Бауыр ауруларының алдын алып, ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады.

Балық ақуызында бой өсіруге ықпал ететін лизин қышқылы да көп.

Тағамтанушылардың айтуынша, мал етіне қарағанда балық өнімінде минералды  заттар мол. Дегенмен сапасына аса мән беру керек.

Себебі батулизм деп аталатын аса қатерлі дерт, әсіресе, балық өнімдері арқылы жиі тарайды. 

Мамандар кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз. 

Хабарламаларға жазылу