Жанкүйерлер Вашингтон әуежайына қақпашының есімін беруді ұсынды
АҚШ үкіметіне Вашингтондағы Рональд Рейган атындағы әуежайды футболдан ұлттық құраманың қақпашысы Тим Ховардтың есімімен ауыстыру жөнінде өтініш жасалды.
Los Angeles Times газетінің хабарлауынша, мұндай петиция Ақ үйдің ресми сайтында орналастырылған.
Өтініш билікке жету және оған міндетті түрде жауап алу үшін үкімет сайтында бір айдың ішінде 100 мың қол жинауы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ құрамасының қақпашысы Тим Ховард футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгиямен өткен ойынның басты қаһарманы атанды. Ол қақпаға бағытталған 17 соққының 15-ін қайтарған.
Айта кетейік, бұл ойында Бельгия футболшылары 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды
17.02.2026, 20:54
Софья Самоделкина мұз айдынына шығады
17.02.2026, 20:53
Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
17.02.2026, 20:50
Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
17.02.2026, 20:48
АҚШ-Иран келіссөзі аяқталды
17.02.2026, 20:47
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
17.02.2026, 20:44
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшылар үн қосты
17.02.2026, 20:42
Жаңа Конституция жобасы ғылыми ортада сараланды
17.02.2026, 20:40