Бельгия ширек финалда Аргентинамен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгия ширек финалда Аргентинамен кездеседі

02.07.2014
Бельгия ширек финалда Аргентинамен кездеседі

Футболдан Әлем чемпионатының 1/8 айналымындағы соңғы ойында Бельгия құрамасы АҚШ футболшыларынан овертаймда 2:1 есебімен басым түсті.

Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Кевин Де Брюйне есеп ашса, Ромео Лукаку есепті еселей түсті. АҚШ құрамасы Джулиан Гриннің көмегімен есеп айырмасын қысқарта алды.

1/4 финалда Бельгия футболшылары Аргентина құрамасымен кездеседі. Бұл ойын 5 шілде күні Бразилиада өтеді.

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.

1/8 финал.

Бельгия – АҚШ – 2:1. (0:0, 0:0,2:0).

Голдар: Де Брюйне, 93 (1:0). Лукаку, 105 (2:0). Дж.Грин, 107 (2:1).

Бельгия: Куртуа, Алдервейрелд, Компани, Ван Бюйтен, Вертонген, Мертенс (Миральяс, 60), Витсель, Феллаини, Де Брюйне, Азар (Шадли, 111), Ориги (Лукаку, 91).

АҚШ: Ховард, Джонсон (Йедлин, 32), Гонсалес, Беслер, Кэмерон, Бисли, Бедоя (Грин, 105+2), Джоунс, Брэдли, Зуси (Вондоловски, 72), Демпси.

Ескерту алғандар: Кэмерон, 18. Компани, 42.

Төрешілер: Хаймуди (Алжир), Ашик (Марокко), Этшиали (Алжир).

1 шілде. Салвадор. «Фонте Нова» стадионы.

Хабарламаларға жазылу