Каратэ. Ринат Сағандықов финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэ. Ринат Сағандықов финалға шықты

02.10.2014
Каратэ. Ринат Сағандықов финалға шықты

Бүгін Инчхонда каратэ жекпе-жектері басталды. Азия ойындарының чемпионы, қазақстандық  Ринат Сағандықов 67 келіге дейінгі салмақта финалға өтті.

Ол 1/16 финалда иорданиялық Башар Саид Мусу Аль Надджарды 1:0 есебімен ұтса, 1/8 финалда катарлық Кассим Али Гавиделді  8:0 есебімен жеңді.

Ринат ширек финалда непалдық Мукундру Махарджаннан 6:0 есебімен басым түссе, жартылай финалда Кувейт спортшысы  Абдулазиз Алиді 4:0 ұтты.

Финалда қазақстандық спортшы жапониялық Хирото Синохаромен кездеседі.   

Хабарламаларға жазылу