Қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы-2014» турнирінде Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсынов жеңімпаз атанды. Ол Қарағанды облысының палуаны Асыл Бәрменовті қосымша кезең - қоян-қолтық белдесуде жеңді.
Жеңімпазға 150 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық пен алтын тайтұяқ тиесілі.
Еске сала кетейік, Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Қазақстан Барысы-2014» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.