«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ширек финалында Руслан Әбдіразақов пен Дархан Жоламанов белдесті.
Естеріңізде болса, қызылордалық палуан Руслан Әбдіразақов екінші айналымда Айбек Нұғымаровты жеңген болатын. Ал бірінші айналымда Айдос Қаңлыбаевтан басым түсті.
Ал Дархан Жоламанов бірінші айналымда Оңтүстік Қазақстан облысының палуаны Жұманазар Ерсұлтановты жеңді. Ал екінші айналымда Алматы қаласының палуаны - «Алматы барысы» Арслан Әбдамитті жеңген еді.
Сонымен, ширек финалда Руслан Әбдіразақов Дархан Жоламановты жеңіп, жартылай финалға өтті.