Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің екінші айналымында боз кілемге көтерілген алғашқы жұп - қарағандылық Асыл Бәрменов пен атыраулық Сұңғат Закариев.
Алғашқы айналымда Асыл Бәрменов «Ақмола қасқыры» Леонид Станеевтен басым түсті. Ал оның қарсыласы Сұңғат Закариев Шығыс Қазақстан облысынан келген Шалқар Жоламановты ұтқан еді.
Сонымен, кездесу барысында «Жас сұңқар» - Асыл Бәрменов атыраулық палуанды жеңді.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Барысы-2014» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.