«Астана Опера» театры БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театры БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялады

29.06.2014
«Астана Опера» театры БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялады
«Астана Опера» театрының әкімшілігі Журналистер күні қарсаңында театрдың қойылымдары туралы жазылған тұщымды материалдарға конкурс жариялады. Бұл туралы «Астана Опера» театрының сайты хабарланды. Шараның мақсаты - БАҚ арқылы халықты театр өнерімен барынша хабардар ету.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа опера және балет өнеріне қызығушылық танытатын барлық журналистер қатыса алады. Конкурсқа үш санаттағы материалдар, яғни телевизиялық сюжет, мақала, ғаламторда жарық көрген мақала/фоторепортаж қатыстырылады.
 
Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі туындылар 2014 жылдың 15 маусымы мен 10 желтоқсаны аралығында қабылданады. Байқау қорытындысы 2014 жылдың желтоқсан айында шығарылады.

Үздік шығармалар «Астана Опера» театрының сайтында жарияланады.   ҚР Тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде әр санат бойынша үздік шыққандар бағалы сыйлықтарға ие болмақ.

Хабарламаларға жазылу