Еуразиялық банк конкурс жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық банк конкурс жариялайды

28.06.2014
Еуразиялық банк конкурс жариялайды
 
Еуразиялық банк тәуелсіз медиа-сарапшылардың қолдауымен республиканың үздік қаржылық журналистерін марапаттамақ. Кәсіби конкурсқа экономиканың банк секторы турасында қалам тербеп жүрген қазақстандық журналистер шақырылады. Конкурстың сыйақы қоры - 900 000 теңге.
 
Басты аталым – «Қазақстанның банк секторы жөніндегі үздік материал»:
1-орын – 300 000 теңге
2 -орын - 200 000 теңге
3 -орын – 150 000 теңге 
 
 
Мұнан бөлек, тағы бес аталым қарастырылған:
 
 
 
 
 

 

Үздік эксклюзив – 50.000 теңге
Банк секторындағы инновациялар жөніндегі үздік материал – 50.000 теңге
Үздік телевизиялық сюжет/репортаж – 50.000 теңге
Аймақ және аудандардағы БАҚ үздік материалы – 50.000 теңге
Еуразиялық банк қызметі туралы үздік материал – 50.000 теңге
 
Конкурска қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген  мақала, видеосюжет, аудиобағдарламаларды жіберуге болады. Материалдар 2014 жылдың 1 қаңтары мен 1 қарашасы аралығында қабылданады.
 

Хабарламаларға жазылу