Бизнес-журналистерге арналған байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес-журналистерге арналған байқау жарияланды

07.06.2015
Бизнес-журналистерге арналған байқау жарияланды

Еуразиялық даму банкі «Еуразиялық интеграция және даму – XXI ғасыр» тақырыбы бойынша аймақтық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері және аймақтардың тұрақты дамуы туралы БАҚ-та жарияланған материалдар арасында байқау жариялайды.

Байқау 4 аталым: ақпараттық агенттікте, интернет басылымда және  баспасөзде жарияланған материалдар мен телеарналардан көрсетілген хабарлар бойынша өтеді. Сайысқа 2015 жылдың 1 қаңтарынан 30 тамызы аралығында жарияланған материалдар қабылданады.

Жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар беріледі.  Марапаттау рәсімі 2015 жылдың қазан айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық «Еуразиялық  экономикалық интеграция» конференциясы барысында табысталады. 

Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады, деп жазады ijnet.org. 

 

СУРЕТ: multijur.ru

Хабарламаларға жазылу