Қарағанды қаласының әкімі қызметіне Нұрлан Әубәкіров тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды қаласының әкімі қызметіне Нұрлан Әубәкіров тағайындалды

28.06.2014
Қарағанды қаласының әкімі қызметіне Нұрлан Әубәкіров тағайындалды
Қарағанды  қаласының әкімі тағайындалды.
 
«Бүгін өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағандының  жаңа әкімі Нұрлан Әубәкіровті  таныстырды», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Ол бұған дейін Балқаш қаласының әкімі қызметін атқарған.
 
Қала басшысының кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді және қалалық мәслихат депутаттарының мақұлдауына ие болды.
 
Н. Әубәкіров 1975 жылы 29 желтоқсанда дүниеге келген. Бұдан бұрын қаланың ТКШ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары,  Қарағанды қаласы  Октябрь ауданының әкімі міндеттерін атқарған. 2012 жылдан бастап Балқаш әкімі болды.

Хабарламаларға жазылу