Астанада ораза кезiнде мешiттерде күн сайын мыңға жуық жамағатқа ауызашар беріледi
Ораза кезiнде Астана мешiттерi күнiне мыңға жуық жамағатқа ауызашар бередi. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының Астана бойынша өкiлi, «Нұр Астана» мешiтiнiң бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов мәлiм еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бiр айға жалғасатын ұлық мереке - Рамазан айы биыл 28 маусымда басталады. 27 маусым күнi елордадағы барлық мешiттерде Тарауық намазы оқылады. Онда қариларымыз хатым құран түсiруге ниет бiлдiруде. Сондай-ақ, Рамазан айында қала мешiттерi күн сайын мыңға тарта жамағатқа арнап ауызашар ұйымдастыратын болады», - дедi ол.
Мәселен, «Нұр Астана» мешiтi 300 кiсiге, «Әзiрет Сұлтан» мешiтi - 400, «С. Ғылмани» мешiтi - 150, «Төлебай» мешiтi - 30, «Шейх Кунта қажы» - 20, «Әс-Салам» - 20, «Әл-ғани» мешiтiнде 120 адамға арнап ауызашар дастарханы жайылмақ.
Имамның айтуынша, биыл пiтiр садақасы 200 теңге көлемiнде бекiтiлдi. Шiлденiң 23-нен 24-не қараған түн - Қасиеттi Қадыр түнi. 28 шiлде күнi - Ораза айт мейрамы. Астана қаласы бойынша Айт намазы 07:00-де оқылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10