Жақын күндері Қазақстанда ауа райы ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Қазақстанның барлық аймағында температура көрсеткіші 30 градустан жоғары болады. Ал оңтүстік және орталық аймақтарда 40-43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Синоптиктердің айтуынша, мұндай температура климаттық өлшемнен 2,6 градусқа жоғары. «Республиканың солтүстігі мен батысындағы кейбір жерлерде температура 25-30 градус көлемінде болады»,-делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен апталарда да Қазақстан аумағында ыстық күн ыстық болды.
|