Шығыс Қазақстанда көпір жөнделіп, жол қозғалысы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда көпір жөнделіп, жол қозғалысы ашылды

23.06.2014
Шығыс Қазақстанда көпір жөнделіп, жол қозғалысы ашылды
Үстіміздегі жылдың мамыр айының соңында Ресейдің Алтай өлкесінде бірнеше күнге созылған нөсер жауыннан Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аймағындағы тау өзендерінің суы тасып, «Өскемен-Зыряновск-Катон Қарағай-Рахманов қайнары» тасжолының 435-ші шақырымын су шайып кеткен болатын.
 
 Сонымен қатар, өзендегі су деңгейінің кенеттен көтерілуі жоғарыда айтылған жолдың 447-700-ші шақырымында Арасан өзенінен өтетін ұзындығы - 10,7 метр, ені - 5 метр, 1970 жылы салынған ағаш көпірдің толықтай бұзылуына себеп болып, жол қозғалысына шектеу қойылған еді.
 
Осыған байланысты, 435-ші шақырымдағы жол бөлігі мен 447-700-ші шақырымындағы көпірді қалпына келтіру бойынша жедел топ құрылдв. Қалпына келтіру жұмыстарына «Қазақавтожол» РМК ШҚО филиалының 7 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 15 маманы жұмылдырылды.
 
Нәтижесінде, 21 маусым күні көпір толық қалпына келтіріліп, барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылды, деп хабарлайды  «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу