Орталық Азиядағы бейбітшілік сүйгіш елдер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азиядағы бейбітшілік сүйгіш елдер анықталды

22.06.2014
Орталық Азиядағы бейбітшілік сүйгіш елдер анықталды
«Global Peace Index» зерттеуі бойынша, Орталық Азиядағы ең бейбітшілік сүйгіш ел - Түркменстан. Ғаламдық бейбітшілік сүйгіш елдер индексінің есебі бойынша, бүгінде аталған ел 95-орында. Ал 2013 жыл бұл ел 103-орында болған, деп жазады news-asia.ru.
 
Одан кейін Орталық Азиядағы бейбіт ел - Қазақстан (103-орында). Ал Өзбекстан 104-орында. Қырғыз Республикасы 125, Тәжікстан 126-орынға түзілген.
 
Жаһандық бейбітшілік сүйгіш елдер индексі – әлеуметтанушылар мен экономистер жасаған рейтинг. Мұндай рейтинг алғаш рет 2007 жылдың мамыр айында жасалған.
 
Индекстте елдің ішкі факторлары (мысалы, зорлық-зомбылықтың деңгейі, қылмыс) және сыртқы факторлары (елдің халықаралық қатынастары, әскери шығындары т.б.) есептеледі, деп жазады kapital.kz.

Хабарламаларға жазылу