Президент қырғыз халқына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қырғыз халқына көңіл айтты

19.09.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды», делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.


Хабарламаларға жазылу