Ақтөбеде облыстық әкімдіктің алдында оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты шара өтті. Онда жыл бойы үздік оқу нәтижесін көрсеткен және ҰБТ-ны сәтті тапсырған түлектерге планшеттер мен жеңіл көліктер табыс етілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Айта кетейік, Ақтөбе - ҰБТ нәтижесі бойынша Алматы мен Астанадан кейін үшінші орында. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, «Алтын белгілерін» сәтті қорғап шыққан 159 түлекке және ҰБТ-дан 123 балл жинаған 4 балаға планшеттер сыйға тартылды.
Ал, ҰБТ-дан 124 балл жинаған екі түлек ерекше сыйға бөленді. «Сымбат» жеке меншік мектебінің түлегі Айдана Мұратқа және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі Жанар Болатаваға жеңіл көліктің кілттері табыс етілді.