«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына 5424 өтініш қабылданды
Астананың ХҚКО-ры жас отбасылар үшін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 5424 өтініш қабылдады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Маусымның 2-14 аралығында Астана қаласының ХҚКО-да «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша құжаттарды ресми қабылдау өтті.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында баспаналы болудың бірнеше негізгі бағыттары қаралған. Олардың бірі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі арқылы жас отбасыларға баспана беру болып табылады.
Астана қаласының әкімдігі 2014 жылы жас отбасылар үшін 672 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап қойған, олардың ішінде: бір бөлмелілері - 134, екі бөлмелілері - 380, үш бөлмелілері - 158.
Еске сала кетейік, аталған бағыт бойынша өтініш беру үшін балалары бар, некеде кем дегенде екі жыл тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуінің де жастары 29-ға толмаған болуы керек. Сонымен бірге, жасы 29-ға толмаған толық емес отбасыда баланы жалғыз тәрбиелейтіндерге, сондай-ақ, Астанада кем дегенде екі жыл тұрған ажырасқандарға да өтініш берулеріне болады.
Азаматтардың қолайлылығы үшін Астананың халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды қабылдау ұйымдастырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09
Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
07.03.2026, 20:09
Қыз-келіншектер ердің ісін игеріп, өндірістің ауыр жүгін көтеріп жүр
07.03.2026, 20:06
«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
07.03.2026, 20:06
4700-ден астам қазақстандық елге оралды
07.03.2026, 20:06
Әскери саладағы әйелдер ардақталды
07.03.2026, 20:05